Абай облысында еріген су тасып жатыр

Абай облысында еріген сулар тасып жатқаны анықталды, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" компаниясы.

Видеодан кадр

Алматы, NEGE. 21 наурызда сағат 18:41 шамасында Абай облысының "Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғаз" тас жолы учаскесінің 767 және 834 шақырымдарында еріген сулардың тасқыны анықталды, оның ұзындығы 30 метр, ені 0,5 см. Көрсетілген аумақта су өтетін құбырлар қарастырылмаған. Қазіргі уақытта еріген суды ағызу жұмыстары жүргізілуде. Жол мен жол төсемінің бұзылу қаупі жоқ, көлік қозғалысы шектелмеген, - делінген республикалық автожолдарды басқару жөніндегі ұлттық оператордың хабарламасында.

Учаскеде 6 бірлік техника жұмылдырылып, тәулік бойы кезекшілік жүргізіліп жатыр

Қазір оқып жатыр

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Мәскеу түбіндегі «Крокус сити холлдағы» теракт: айыпталушыларға үкім шықты