11 февраля 2026 г. 17:27

Абай облысында экс-әкім «Ауданның құрметті азаматы» атағынан айырылды

Фото: altai.kz

Абай облысы прокуратурасының наразылығымен Жарма ауданының бұрынғы әкімі Нұрлан Сыдықов құрметті азаматтар тізімінен шығарылды.

Астана, NEGE. Қадағалаушы органның мәліметінше, Абай облысы прокуратурасы Бесқарағай аудандық мәслихатының бұрынғы аудан әкімі Нұрлан Сыдықовқа «Ауданның құрметті азаматы» атағын беру туралы шешімінің заңдылығын тексерген.

Қолданыстағы қағидаларға сәйкес, «Абай облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағы мінсіз еңбегі мен қоғам тарапынан мойындалған елеулі жетістіктері үшін беріледі.

«Нұрлан Сыдықов Жарма ауданының әкімі қызметін атқара отырып, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған және Жарма аудандық сотының үкімімен сотталған. Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатысы болған тұлғаға мұндай атақ беруге жол берілмейді», – делінген прокуратура таратқан хабарламада.

Аудандық мәслихаттың шешімімен экс-әкім «Ауданның құрметті азаматы» атағына ие болған адамдар тізімінен шығарылды.