Абай облысында браконьерлерді ұстау сәті дронға түсірілді (видео)

Полиция қызметкерлері Ертіс өзенінде браконьерлерді ұстау мақсатында арнайы операция жүргізді. Ұстау сәтін полиция әуеден бақылау үшін пайдаланатын дронға түсірді.

Полиция

Алматы, NEGE. Тексеру кезінде 35 жастағы Семей тұрғынынан 850 кг әртүрлі балық, 398 қытай ауы, жеті қайық, үш бензомотор және жеркепенің астынан жасырылған тіркелмеген ИЖ-58 қосауыз мылтығы табылды.

Олардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген шығын 2,5 миллион теңгеден асып түсті.

Заңсыз балық аулауды ұйымдастырған адам және оның бес жалдамалы балықшысы су биоресурстарын заңсыз өндіру үшін жауапқа тартылды.

Ұйымдастырушы қаруды заңсыз сақтау үшін де жауап береді.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады