Абай облысында әйеліне қол көтерген ер адам бас бостандығынан айырылды

Аягөз қаласының тұрғыны әйеліне қол көтергені үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. 47 жастағы Аягөз қаласының тұрғыны мал ұрлығымен айыпталып, сот үкімімен кінәлі деп танылып, бір жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

2024 жылдың сәуір айында сотталған Аягөз аудандық пробация қызметінің есебіне алынып, жаза өтеу тәртібі мен шарттары таныстырылып, профилактикалық сұхбат жүргізілген. Сұхбат барысында жанұялы, екі кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар екені анықталды. Жаза өтеу барысында осы жылдың тамыз айында сотталған тұлғаның және жұбайының арасында сөзге келіспеушілік пайда болып, жаза өтеуші жұбайының бет тұсынан бірнеше рет ұрып жіберген.

«Жаза өтеу тәртібін бұзғаны үшін бас бостандығынан шектеу жазасының өтелмеген 6 ай бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылған», – деп Аягөз аудандық пробация қызметінің бастығы Дюсембеков Ислам хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Мәскеу түбіндегі «Крокус сити холлдағы» теракт: айыпталушыларға үкім шықты