6 марта 2026 г. 9:48

Абай облысында әскери қызметші қаза тапты

Фото: gov.kz

Әскери қызметші техниканы пайдалану кезінде ауыр жарақат алып, көз жұмды.

Астана, NEGE. Абай өңірлік гарнизонының Аrnapress басылымы хабарлауынша, қайғылы жағдай 5 наурызда болған. Ведомствоның мәліметіне сәйкес, келісімшарт бойынша қызмет еткен әскери қызметші қауіпсіздік талаптарының бұзылуы салдарынан өміріне қауіпті ауыр жарақат алған.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Оқиға орнында құзырлы органдардың өкілдері жұмыс істеуде. Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшысы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Оларға белгіленген тәртіппен қажетті қолдау көрсетіледі», – делінген гарнизонның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, жақында Маңғыстау облысына қарасты Бейнеу полигонында мерзімді әскери қызметтегі сарбаздың қаза тапқанын жазған едік. Әскери қызметші жоспарлы далалық атыс жаттығуларында қару қолдану кезінде оқ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмған.