Абай облысы «WorldSkills-2024» чемпионатында үздік нәтижелер көрсетті

14 қарашадан бастап елордада «WorldSkills Kazakhstan-2024» IX республикалық чемпионаты өтті. Бес күнге созылған сайыста Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас мамандар 30 құзыреттілік бойынша өз дағдылары мен кәсіби шеберліктерін көрсетті.

Абай облысы

Алматы, NEGE. Абай облысынан сегіз колледжден 32 студент пен 30 сарапшы қатысты. «Мехатроника» құзыреттілігі бойынша екі студент, ал қалған 29 құзыреттілік бойынша бір-бір студенттен сынға түсті.

Биыл облыс командасы былтырғы жетістігін қайталап, жалпы 39 ұпаймен бірінші орынға ие болды. Республикалық чемпионатта облыс командасы 30 құзыреттілік бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, *2 алтын, 6 күміс, 4 қола, 7 медальон иеленді.*

Республикалық кезең жеңімпаздары келесі жылдың 9-13 қыркүйегі аралығында Данияда өтетін EuroSkills-2025 халықаралық чемпионатында ел намысын қорғайды.

Айта кетейік, өткен жылы да Абай облысының командасы «WorldSkills Kazakhstan-2023» чемпионатында 30 құзырет бойынша 6 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль және 12 медальон жеңіп алып, командалық есепте үздік атанған.

Бұл көрсеткіштер облыс студенттері мен колледждерінің кәсіби шеберлік деңгейінің жоғары екенін тағы да дәлелдеді.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты