Абай облысы: Аягөз гарнизонының сержанттары 32 адамды құтқарды

Абай облысындағы Шұбарбайтал ауылының маңындағы Үржар – Семей автожолынан 695 шақырым жерде қатты боранның салдарынан автокөлік легі тоқтап қалды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ашық дереккөз

Алматы, NEGE. Үржар – Семей автожолынан 695 шақырым жерде қатты боранның салдарынан автокөлік легі тоқтап қалды.

– Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін құтқару операциясына Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 97616 әскери бөлімінен сержант Бауыржан Ақасов пен 3-сыныпты сержант Айдын Мәдімов тартылды.

Әскери қызметшілер 32 адамды, оның ішінде 15 баланы қар құрсауынан құтқарып, Аягөз қаласының уақытша орналастыру пунктіне жеткізді. Жолаушылар әскери қызметшілерге жедел көмек көрсеткені үшін алғыс айтып, қиын жағдайда қол ұшын созған жандарға шын жүректен ризашылықтарын білдірді, – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр