21 сентября 2024 г. 12:31

Абақтыға қамалған тұтқындар бүлік шығарды

Фото: Фото: ғаламтордан

Түркістан облысының түрмесінде болып, сотталғандар трансформаторды өртеген

Түркістан, NEGE.Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, түзеу мекемесіндегі кейбір тұтқындар қамауда ұстау режимімен келіспеуіне байланысты наразылық білдірген.

20 қыркүйек күні кешке жазасын өтеушілер электр трансформаторын өртеп жіберген. Тәртіпсіздіктер кезінде ұлттық ұланның екі қызметкері мен бір полиция қызметкері жарақат алды. Факт бойынша «мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына топтық түрде бағынбау, сол сияқты топтық бағынбауға қатысу, күш қолдану немесе өзіне қасақана зиян келтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды.