Абайлаңыз, алаяқ!
Мемлекеттік техникалық қызмет қазақстандықтардың алаятарға шағымы артқанын айтты.
Алматы, NEGE. Алаяқтар танымал адамдардың аты мен суреттерін пайдаланған.
«Олар Telegram мессенджерінде танымал адамдардың суретін жүктеп, олардың мәліметтерін пайдаланып, фейк аккаунт ашқан. Алаяқтар жалған аккаунтың көмегімен азаматтарған қаржылық көмек керек екенін жазып, хабарламаға жіберген.
Мысалы, алаяқ Бейбіт Әлібековтың атынан фейк профиль ашып, оны Alibekov KZ деп көрсеткен. Ол жақын туысының ауруханаға түскенін, медициналық қызметке ақы төлеу керек екенін және оның карточкасында ақшасы жоғын айтып, банк картасына ақша аударуды өтінген. Ол алған қаражатын бір сағат ішінде қайтаруға уәде берген. Ал оның барлық қолма-қол ақшасы үйде екен», – дейді мемлекеттік техникалық қызметтегілер.
Сондай-ақ, Бейбіт Әлібеков пен Нұрсұлтан Мағзұмов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында, бұл ақпараттың жалғанын екенін, алаяқтардың олардың атын пайдаланғанын атап өтті.
Бұл оқиғаға қатысты барлық дерек ішкі істер министрлігіне жіберілді.