6 февраля 2020 г. 13:00
Алматыда Абай мүсіні ашылды
Алматыда Абай Құнанбаевтың мүсіні ашылды. Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған салтанатты шараға Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.
Айтулы шараға танымал жазушылар, ақындар, абайтанушылар жиналды. Мүсін Жетісу ауданы әкімдігінің ғимараты жанындағы «Гүлдер» саябағына қойылды.
«Абайдың мерейтойлық жылы - мәдениет пен әдебиет қайраткерлерінің, сөз жанры шеберлерінің, жалпы шығармашылықпен айналысатындар үшін айтулы мереке. Ұлы ақынның, философ пен ойшылдың бай мұрасы, оның адамгершілік өсиеттері қазақ халқының игілігіне айналды», - деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Мүсіннің авторы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тілеуберді Бинашев.