3 февраля 2020 г. 9:51

Абайдың әдеби мұрасы Германияда насихатталды

Фото:
Ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына орай Берлиндегі Ұлттық кітапханада «Абай оқулары» іс-шарасы және зиялы қауым өкілдермен кездесу өтті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық кітапханасының баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Аталмыш іс-шараға Қазақстан Республикасының Германиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дәурен Карипов, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Матыжанов Кенжехан, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспанова, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Үмітхан Мұңалбаева, облыстық кітапхана басшылары, зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері, қазақ диаспоралары және студент жастар қатысты. Шарада Үмітхан Мұңалбаева адамзат руханиятына үлесін қосқан Абайды ұлықтау жұмыстары алдағы уақытта жалғасын табатынын жеткізді.

Тегтер: