Абайдың 175 жылдығын атап өтуге неше миллиард бөлінеді?

Қазақстанда Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын мерекелеуге 3 миллиард теңгеге жуық қаражат қарастырылған, деп хабарлайды Today.kz.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов айтты.

«Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған шаралар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 3 млрд теңге көлеміндегі жылдық жоспарланған қаржысы есебінен өтеді. Мысалы, Абай атындағы Опера және балет театры гастрольдік сапарларына бөлінген жыл сайынғы қаржыны Абай жылына арнап, Мәскеу, Түркия, Қытайға барып өнер көрсетеді», –  дейді Нұрғиса Дәуешов.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың әкімдіктері аймақтық мерекелік жоспарларды жасады. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институты құрылды.

«Ұлы Абайдың мерейтойының ресми ашылу шарасы 2020 жылдың 21 қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана Опера» театрында өтеді», – деп қосты ол.

Мерейтой аясында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығын түрлендіру және ақын есімімен байланысты тарихи-мәдени мұра объектілеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды