Абай тойына арналған көлік зауыттан шықты
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының мерейтойына арналған көлік шыға бастады. Бұл жайында Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар facebook-те хабарлады.
Алматы, NEGE. Ол: «Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Өскеменде мерейтойлық автокөліктер сериясы шыға бастады. Біздің бастамамызға қолдау білдірген «Азия Авто» акционерлік қоғамының басшылығына алғыс білдіремін», – деп жазды.