Абай театрынан өрт шықты

Семей қаласындағы Абай театрында өрт шықты.

Алматы, NEGE. Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, мәдениет ордасындағы өрт 19 тамыз күні сағат 9.00 шамасында шыққан.

Анықталғандай, оттың шығуына дәнекерлеу жұмыстары барысындағы өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы себеп болған.

«Қызыл жалын қабаттар арасындағы терезе ойығын шарпыды. Өрттің жалпы ауданы 10 шаршы метрді құраған. Қазіргі уақытта келтірілген шығын мөлшері анықталуда», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Тілсіз жау сағат 09: 36-да сөндірілді.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған