«Абай» шахтасында апаттық-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр

Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі сағат 15.00-дегі жағдай бойынша, апат болған «Абай» шахтасындағы жұмыстар туралы ақпарат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды, NEGE.  Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасында қазіргі уақытта құтқарушылар төтенше жағдайдан кейін қазбалардан газ шығару жұмыстарын орындап жатыр.

«Құрамында 12 адамы бар 2 тау-кен құтқару бөлімшесі метан газының кенеттен тарауынан кейін қазбаларды газсыздандыру бойынша жұмыстар жүргізуде.

Апаттық кенжарда атылған тау-кен массасының ұзындығы шамамен 20 метрді құрайды.

Шахтаның басқа жерлерінде ешқандай үйінділер жоқ», - деп түсіндірді Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің Республикалық орталық штабы Қарағанды филиалының директоры Геннадий Силинский.