Абай облысындағы табиғи өрт: елді мекендерге төнген қауіп жойылды

24 мамырда ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Абай облысындағы табиғи өртті сөндіру бойынша ТЖМ базасында жедел республикалық штабтың отырысын өткізді.

Алматы, NEGE. Өртті сөндіруге 434 адам және 109 бірлік техника, 2 тікұшақ және өрт поезды жұмылдырылды.

Елді мекендерге төнген қауіп жойылды. Өртті оқшаулау және жою бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда.