Абай облысындағы өрт кезінде жоғалып кеткен тракторшының денесі табылды (видео)

Абай облысының полицейлері 10 маусымда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны Сергей Николаевич Архиповтың іздеу іс-шараларын жүргізу барысында, өртті сөндіру орнынан 50 шақырым жерде зорлық-зомбылық белгілері жоқ мәйітін тапты.

Алматы, NEGE. Ер адамның денесі қызметтік иттің көмегімен табылды. Ол Абай облысы ПД-нің кинологиялық есебінің құрамында жұмыс барысында сигнал беріп, трактор табылған жерден орман жолағына дейін ер адамның жолымен жүрді.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды.

1987 жылы туған Сергей Архипов 9 маусым күні өзінің тракторымен Қаштақ ауылына өрт сөндіруге көмекке барып, келесі күні байланысқа шықпай қалған.

Қазір оқып жатыр

Астанадағы MEGA Garden маңынан пәтер алу қаншалық тиімді?

Грузияда ұсталған 18 жастағы қазақстандық өмір бойына сотталуы мүмкін

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен