9 сентября 2022 г. 11:55
Абай облысында қаза болған өрт сөндірушінің отбасына үш бөлмелі пәтер беріледі
Абай облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Жарма ауданы Бозжыра ауылдық округінде дала өртін сөндіру кезінде қаза болған №22 өрт сөндіру бекетінің жүргізуші-қызметкері Айдос Тоғызбаевтың отбасына пәтер беріледі.
Алматы, NEGE. "Өңірдегі "Фирма Азия" ЖШС марқұмның жанұясына үш бөлмелі пәтер береді. Айдос Ерланұлының артында әйелі мен 5 баласы қалған", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Азаматтық қорғау органдарында 2019 жылдан бері еңбек еткен 36 жастағы сержант ІІІ дәрежелі "Айбын" мемлекеттік наградасына ұсынылған.