28 июня 2023 г. 14:21

Абай облысында биыл жол апатынан 24 адам көз жұмды

Фото:

Абай облысында жыл басынан бері жол апатынан 24 адам көз жұмды.

Алматы, NEGE. Абай облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша биыл 145 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Соның салдарынан 24 адам көз жұмып, 201 адам жарақат алды. Жыл басынан бері 51 жаяу жүргіншіні көлік қақты.

«Семей қаласында көлік қағып кеткен 5 жаяу жүргінші мерт болған. Қайғылы оқиғалардың басты себебі – тұрғындардың жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтуі және көліктердің жылдамдық режимін сақтамауы. Адамдар жолдан өтерде тіпті айналасына қарамай-ақ жүгіріп шығады. Жүргізуші көлік жылдамдығын тежеп үлгере алмай қалуы мүмкін», - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстанда жол апатынан 3 адам зардап шеккені хабарланған.

Тегтер: