Абай облысында 280 гектар жер өртенді

Абай облысының Бесқарағай ауданында кеше кешкісін тұтанған орман өрті сөндірілді, де хабарлайды «Хабар 24».

Семей, NEGE. 280 гектар аумақ жанып кетті. Оның тең жартысы орман алқабы болса, қалғаны ауылдық округке тиесілі жер. Қазір елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Тілсіз жаумен күреске облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 33 техникасы мен 60 орманшы жұмылдырылды. Өрт найзағайдан тұтанған болуы мүмкін деген болжам айтылуда.

Естеріңізге сала кетейік, бұл орман өрті Грачевск орманшылығынан басталды.