Абай немісше сөйледі

Берлинде неміс аудармашысы Леонард Кошут Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан екінші дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы. NEGE. Қазақстанның Германиядағы елшісі Дәурен Карипов мемлекеттік сыйлықты тапсыру кезінде оның Абай мұрасын насихаттауға қосқан үлесін атап өтті. Әдебиеттанушы дипломатқа неміс тіліндегі «Абайдың 20 өлеңі» атты кітабын табыс етті. Леонард Кошут қазақтың ұлы ақынының 20 шығармасын неміс тіліне аударған. Бүгінде ол жинақтарды Берлин, Мюнхен және Гамбуг кітапханаларынан табуға болады.

– Мен үшін бұл кітаптың орны бөлек. Маған Абай шығармаларын аудару мәртебесі бұйырғанына ризамын. Осындай марапатқа ие болғанымды мақтан тұтамын, – дейді аудармашы, әдебиеттанушы Леонард Кошут.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты