Абай Құнанбайұлының суреті бейнеленген мурал пайда болды

Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында Абай Құнанбайұлының суреті бейнеленген мурал пайда болды.

Алматы, NEGE. Туынды авторлары – ағайынды Яков пен Дарья Полищук. Қылқалам шеберлері бұған дейін Бауыржан Момышұлы мен Батырхан Шүкеновтің бейнесін көп қабатты үйдің қабырғасына салғанды. Белгілі тұлғалар бейнесін сомдауды олар былтырдан бастап демеушілер қаржысы есебінен қолға алыпты. Суреттердің бастапқы нұсқалары жергілікті тұрғындардың талқысынан өткен. Таңдалған бояуы да ауа температурасының кез келген жағдайына төзімді екен. Ең бастысы, «биіктікте жұмыс істеу барысында қауіпсіздік талаптарына баса мән берілді» дейді мамандар.

Бастапқы екі муралдың бірі панелді үйдің, ал екіншісі кірпіш үйдің қабырғасына салынды. Бұл өте қиын жұмыс. Келер жылы бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру қолға алынбақ. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған