Абай «Гранта»

10 қаңтарда фейсбуктегі парақшама: «Шіркін, Абайдың 175 жылдығы құрметіне 175 зауыт ашып, «Абай» деген автомобиль, смартфон, компьютер, киім-кешек брендін, т.б. шығарып тастасақ керемет болар еді...» – деп жазыппын.

«Лада грантаға» Абай-175 дегенді жапсырып жатқандарын естіп, шок болдым. Ау, менің, біздің айтқанымыз, арманымыз отандық, өзіміз ойлап тапқан авто еді. «Тойота» – тұлпар, «Мерседес» – сәйгүлік, «Субару» – дүлдүл, тағы басқа десек, бізде жиналатын «Лада» деген – есек. Абайды қара есекке «қалай мінгіздіңдер» қиып?!

«Орыстың құлы, күңі құрлы жоқпыз» дегенді осындайға күйініп айтқан ғой... Бір мықты автоконцернге бір мықты дизайнмен бір-ақ көлік жасатса, ол әлемдегі жалғыз «Абай» деген авто болса да, мәз болар едік. Мынау не?!

Енді тоқсаныншы жылдардың соңындағы кірпіш-Нокиаға Абай деп жазып әкелгендеріңді күтеміз...

Серік Әбікенұлы

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?