Абай ауданындағы 17 көшеде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Шымкент қаласында көлік жолдары 3 247 шақырым. Биыл 49,8 шақырымды құрайтын 71 көшеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Шымкент, NEGE. Оның ішінде 9,1 шақырымдық жол, яғни 17 көше Абай ауданының аумағында орналасқан. Атап айтқанда:

А.Баққараев,

Арын қожа,

Ж.Ахметов,

Е.Алтынбекұлы,

О.Оралбайұлы,

№1 өткел көшелері,

М.Әуезов,

Қ.Бақбаев,

Б.Алпысбаев,

Б.Саттарханов,

Бейбітшілік,

№1, №2, №3, №4,

Орталық,

Агропром көшелері кіреді.

Аталған жұмыстардың мердігері – «Шымкент Дор Строй» ЖШС, ал техникалық жобалаушы болып «Жобақұрылыс орталығы» ЖШС бекітілген.

Қазіргі уақытта 80 пайызға жуық жұмыстар атқарылған. Барлық көше жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Атқарылған жұмыстар сапасы әкімдіктің жіті бақылауында.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді