Абай ауданында санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде

Шымкент қаласының Абай ауданы аумағында көпқабатты тұрғын үй аулаларында санитарлық тазалық жұмыстары жандандырылып, қураған ағаштар, қоқыстарды тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент, NEGE. Аудан аумағында жалпы 258 аула орналасқан. Қазіргі таңда Республика, Ю.Гагарин, Ғ.Иляеев көшелері бойындағы көпқабатты тұрғын үй аулалары тазартылды. Аталған жұмыстар күнделікті жалғасып, бекітілген кестеге сәйкес, атқарылуда.

Тазалық іс-шараларына «Ақсемсер-Стройсервис» ЖШС-ның 12 техникасы мен 78 қызметкері жұмылдырылған.

Сонымен қатар, аулалардағы шөптер орылып, балалар ойын алаңшалары ретке келтірілді. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауға алынып, аудан әкімі аппаратының Халықпен жұмыс жүргізу бөлім тарапынан қадағалануда.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: тергеу аяқталды

Алматы облысында терроризм туралы жалған хабарламалар тартқан екі оқушы ұсталды

Көкшетауда жалғызбасты ана жол апатынан қаза тапты: күдіктінің жүргізуші куәлігі болмаған

Шымкентте екі колледжде 1,3 млрд теңге жымқыру ісі: күдіктінің Дубайдағы пәтері бұғатталды