АӘК: Студенттің табысы да есептеле ме?

Кеше Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Мәжіліске алғаш келіп, 2020 жылдан бастап берілетін әлеуметтік жәрдемақының жаңа түрі туралы баяндап берді. Ол атаулы әлеуметтік көмекке стипендияны табыс ретінде қосамыз дегенді айтып, басы дауға қалды.

Алматы, NEGE. Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарақұсова: «Стипендия – табыс емес. Ол студенттерді оқуға ынталандыратын көмек. Екіге оқитын балаға стипендия төленбейді. Ал жақсы оқитындарға атаулы стипендия беріледі. Жақсы оқитын, стипендиясын тек өзіне жұмсап жүрген студент ешкім оқымайтын отбасындағы студентке қарағанда нашар өмір сүреді. Мен бұл шешіммен келіспеймін» деді.

Бұған жауап берген министр Біржан Нұрымбетов: «Айтылған пікірлерді ескеріп, біз бір шешімге келеміз. Қазіргі таңда стипендия кірмейді. Аз қамтылған отбасыларға жақсы жаңалық та бар. Мәселен, жаңа жылдан бастап олар кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтылады. Түрлі азық-түлік, тіпті тіс пастасы, мектеп құралдары тегін таратылады. Мемлекеттің қаржысына аз қамтылған отбасы балалары мектепте ыстық тамақ ішеді» деді.

Келесі жылы енгізілетін әлеуметтік топтамаға 41 миллиард теңге бөлінді. Оған мектепке дейінгі балалар тамақ, гигиеналық заттармен ай сайын қамтылып отырады. Ал мектепте оқитын балалар мектепке қажетті құралдар, киімкешектер, қоғамдық көлікпен мектепке барып-келу жолақысы, медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі. Ал мүгедектер, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыға 200 млрд теңге бөлінген. Бюджеттің көп бөлігі келесі жылдан бастап 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға табысына қарамастан жәрдемақы төлеу үшін жұмсалмақ. Кімнің төрт баласы бар, олар айына 42 мың, ал жеті және одан көп баласы барлар 74 мың теңгеден алады. Елімізде 347 мың көпбалалы отбасы бар.

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды

Польшада қазақстандық әйел қаза тапты

Трамп Ресей мұнайына салынған санкцияларды уақытша алып тастады

Әскерде тағы бір сарбаз мерт болды