8 июля 2023 г. 17:27
Каспий жағалауындағы қамыс өрті 450 гектарға жайылды
Атырау облысында Каспий жағалауындағы қамыс өрті 450 гектарға жайылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының ақпаратына қарағанда, жағалаудағы қамыс өртінің аумағы ұлғайған.
«Бүгін, 8 шілдеде сағат 13:00-дегі жағдай бойынша қамыс өсімдіктерінің жану аумағы 450 гектар болды. Оның ішінде 50 гектары ашық отпен жанып жатыр. Қамыс өртін сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 38 қызметкері мен 6 техникасы жұмылдырылды. Құтқарушылармен бірге жалынды ауыздықтауға «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватынан 28 қызметкер және 9 техника, 4 мотопомпа тартылды», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.