30 июня 2023 г. 16:59
«Теректі - таза су» лауазымды тұлғалары бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды
Теректі аудандық сотымен «Теректі-таза су» мемлекеттік кәсіпорнының лауазымды тұлғаларына қатысты үкім жарияланды.
Алматы, NEGE. Сот үкімімен кәсіпорын директоры 7,5 жылға және бас бухгалтер 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Екеуі де өзіне және ұйым қызметкерлеріне жалақыны артық аудару, сондай-ақ жеткізушілерге нақты орындалмаған жұмыстар үшін бюджет қаражатын негізсіз аудару арқылы 162 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды.
Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.