Заңғар Нұрланұлы Армениядағы турнирдің абсолютті чемпионы болды

Заңғар Нұрланұлы Армения астанасы Ереванда 18 жасқа дейінгілер арасында өткен ITF Juniors J30 TSAGHADZOR GOLDS'S GYM CUP 1 турнирінің абсолютті чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 14 жасар Заңғар жекелей және жұптық сында тамаша өнер көрсетті.

Финалда қазақстандық теннисші жарыстың бірінші ракеткасы, чехиялық Якуб Смычекті тізе бүктірді – 7:5, 6:1,

Заңғар дода барысында Аустрия жасөспірімдер құрамасы көшбасшыларының бірі Максимилиан Хейдельмайермен аса тартысты кездесу өткізді. Үш сетке созылған матчта қазақстандық теннисші жеңісті жұлып алды. Соңғы партияда қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады – 6:0.

З.Нұрланұлы М.Хейдельмайермен бірге жұптық сында финалда ресейліктер Максим Колобов – Родион Малмыгинді ұтты – 6:7, 6:4, 10:6.

Бұл – Заңғар Нұрланұлының халықаралық теннис федерациясы өткізген жарыста жекелей сындағы екінші титулы.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр