Ерке мен Раимның қатысуымен өткен концертте 16 бала жоғалып кетті

Павлодарда өткен концертте біраз ата-ана баласын таппай қалды.

Алматы, NEGE. Павлодарда белгілі әншілердің қатысуымен үлкен концерт өтіп, біраз ата-ана балаларын таба алмай қалды, деп жазады Pavlodarnews.kz.

Павлодардың орталық жағалауында қоғамдық тәртіпті полиция күзетті. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, концерт кезінде 16 бала жоғалып кеткен.

Балалардың ата-аналары анықталып, балалар өздеріне табысталды, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, жағалауда түнгі сағат 23:00-ден кейін балалардың заңды өкілінсіз жүргені үшін ата-аналарға 11 әкімшілік хаттама толтырылды.

Еске сала кетсек, Ertis Promenade сахнасындағы маусымның ашылуына 40 мыңға жуық адам жиналған. Концертте эстрада жұлдыздары Ерке Есмахан, Раим, Еркеш Хасен өнер көрсетті.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады