Бір тәулікте 2498 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 2 498 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.  Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында - 217, Алматы қаласында - 530, Шымкент қаласында – 28, Ақмола облысында – 210, Ақтөбе облысында - 66, Алматы облысында - 176, Атырау облысында - 36, Шығыс Қазақстан облысында - 129, Жамбыл облысында - 64, Батыс Қазақстан облысында - 107, Қарағанды облысында - 247, Қостанай облысында -205, Қызылорда облысында -12, Маңғыстау облысында - 20, Павлодар облысында - 220, Солтүстік Қазақстан облысында - 222, Түркістан облысында - 9. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 285 669 жетті.