Ресейде қайта локдаун жарияланды
Ресейде денсаулық сақтау, қызмет көрсету, көлік пен қоғамдық тамақтану салаларының қызметкерлерін екпе алуға міндеттеді. Бұл шешім елде індет дендеп кеткеніне байланысты қабылданып отыр. Күн сайын өлім-жітім бойынша жаңа антирекордтар жаңартылып жүр. 30 қазаннан бастап бүкіл ел аумағында локдаун басталады. Мәскеуде бұл тәртіп бүгіннен бастап енгізілді.
Ел бойынша ең қатаң локдаун Хакас республикасында жарияланды. 26 қазаннан бастап мұнда коменданттық сағат күшіне енді. Түнгі оннан таңғы алтыға дейін үйден шығуға тыйым салынды. Алайда шектеу шаралары, qr-кодтар жүйесі мен локдаунға қарамастан елде вакциналау қарқыны төмен. Ұжымдық иммунитет 50 процентке де жетпеген. Әзірше Мәскеу әкімшілігі локдаун мерзімін ұзарту жайлы шешім шығарған жоқ. Бұл эпидахаулға байланысты болмақ. Десе де жағдайды түпкілікті оң өзгерту үшін бір апта тым қысқа мерзім.