Қаңғыбас иттер қарияны талап тастай жаздады

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында полиция қызметкерлері қарияны қаңғыбас иттерден құтқарды.

Алматы, NEGE. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Үржар ауылының егде жастағы тұрғыны 8 сәуір күні сағат 14.30-да үйінен дүкенге шыққан. Жол жөнекей қария артқы жағынан иттердің үрген дауысын естіді. Бірақ оған еш мән бермеген.

«Кенет тұтқиылдан қаңғыбас иттердің бірі зейнеткерге айбат шегіп, үріп, үстіне секірген. Ол итті итеріп, тас лақтырған. Алайда бұдан сескене қоймаған иттер қарт кісіге қайтадан тап бермек болды. Дәл сол уақытта Үржар ауылында күндізгі патрульдеуде жүрген тәртіп сақшылары осыны көріп қалған. Полиция қызметкерлері қызметтік көліктерінен сигнал беріп, иттерді қуып жіберді. Абырой болғанда, зейнеткердің денсаулығына еш зиян келмеді», - делінген хабарламада. Аудан тұрғыны дер кезінде көмекке келген полиция қызметкерлеріне көзіне жас алып, шынайы ризашылығын білдірді. 

Қазір оқып жатыр

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр

Қазақстанда такси қызметіне қойылатын талап күшейтілді

Нұрлыбек Нәлібаев Роман Склярдың орнына премьер-министрдің бірінші орынбасары болды

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді