Жогорку Кенеш Садыр Жапаровты Қырғызстан премьер-министрі лауазымына бекітті

Жогорку

Кенеш Садыр Жапаровты елдің премьер-министрі лауазымына бекітті, деп хабарлайды Кабар агенттігі.

Бішкек, NEGE. Сондай-ақ депутаттар үкімет бағдарламасын, құрылымы мен құрамын да бекітті. Залда үкімет мүшелері болды.

Садыр Жапаров вице-премьер-министрдің міндетін атқарушы Эркин Асрандиевтің өз қызметінен бас тартқандығын хабарлады.

Сонымен бірге жаңа үкімет құрамында ІІМ басшысының лауазымын атқарған Кашкар Джунушалиев болмайды.