Көбейтұз: Көлік жүргізуші кешірім сұрады

Көбейтұзға көлігімен кіріп кеткен жүргізуші қазақстандықтардан кешірім сұрады. Оның кешірім сұраған видеосы Ішкі істер министрлігінің сайтында жарияланды.

Алматы, NEGE. ІІМ-нен хабарланғандай, тәртіп бұзушы Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға іссапармен бара жатқан. Жолшыбай елге танымал болып кеткен көлді көрмек болған.

«Әлбетте мен дұрыс әрекет жасамадым. Көлге кіріп кеткенім үшін кешірім сұраймын. Жаспыз ғой, жаяу да кіріп, көлді кешіп қайтуға болар еді. Бірақ олай болмады. Әлеуметтік желіде әртүрлі пікір айтылуда. Кешірім сұраймын. Өзім 40 жастамын. Өзім де осындай қадамға қалай барғанымды байқамай қалдым», – дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді