102 студент Ресейден келді

Ресейдің түрлі жоғары оқу орындарында оқитын жетісулық 102  студент Томск қаласы арқылы Алматы әуежайына оралды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Елге оралған студенттер 2 автобуспен Қапшағай маңындағы демалыс орнына жеткізіліп, орналастырылды. Олар екі күн карантинде болады. Оларға демалыс орны аумағынан сыртқа шығуға рұқсат жоқ. Студенттер бірінші кезектегі қажеттіліктермен толық қамтамасыз етіледі. 
Бұл орында карантин талаптары мен санитарлық-дезинфекциялық шаралардың қатаң сақталуын тиісті сала мамандары бақылайтын болады. Демалыс орнына кіреберісте полиция посты орнатылған. Студенттердің барлығы КВИ-ге тест тапсырды. Қорытындысы шыққаннан кейін облыс әкімдігі  оларды тұрғылықты жерлеріне жеткізу ісін ұйымдастыратын болады. 

Қазір оқып жатыр

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді