Илон Маск сотта жеңіп шықты
Жала жапты деп айыпталған Илон Маск сотта жеңіске жетті. Қазылар алқасы британдық дайвер Вернон Ансворттың 190 миллиондық арызын қанағаттандырмады.
Алматы, NEGE. Осыған дейін әйгілі SpaceX және Tesla компаниясының басшысы Илон Маск сотқа шақырылғанын хабарлаған едік. Болашақтың адамы аталған сыннан да сүрінбей өтіп, өзін ақтап шықты. Кезекті рет жеңіске жеткен Маск ағынан жарылды.
«Адамзат алдындағы сенімім қайта оралды», – деп жазды 48 жастағы миллиардер.
Маск сотта дайверге айтқан сөздерін басқаша түсінбеулерін өтінді. «Pedo Guy» сөзі мен өскен Оңтүстік Африкада кең таралған сөз. Бұл сөз «алжыған шал» деген мағынаны білдіреді», – деді Илон Маск.
Сондай-ақ, миллиордер сотта Маск Ансворттан кешірім сұрады.
«Адамдар мені бай деп ойлайды, ал, менің ақшам көп емес», – деді Tesla мен SpaceX компаниясының басшысы.
Forbes журналының жазуынша, Масктың 99 пайыз байлығы Tesla мен SpaceX компаниясының акциялары. Егер 190 миллион доллар айыппұл төлейтін болғанда, Маск акцияларының бір бөлігін сатып немесе қарыз алатын еді.