Оқушы тапанша ұстап жүр

Шымкенттегі мектеп оқушысы сабаққа тапанша алып келген, – деп хабарлайды elitar.kz.

Алматы, NEGE. "Жеткіншек" рейдтік іс-шарасының кезінде ювенал полицейлер 9-сынып оқушысының сөмкесінен травмат тапаншасын тауып алған.  "25-30 қараша аралығында "Жеткіншек" рейд іс-шарасы өтеді. Бұл шараның мақсаты - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу. Рейд кезінде 25 қарашада мектеп оқушысының сөмкесінен тапанша табылды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады әл-Фараби аудандық ювенал полиция бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Батырхан Әлиев. 

Мектеп оқушысы әл-Фараби аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ол тапаншаны сыныптасынан алғанын және оны мектепте қайтарып беруге келгенін айтқан. 

Қазір оқып жатыр

Дауыс бер, өз ағашыңды отырғыз

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады

«Таңдауым ешқашан өзгермейді»: Назарбаев Тоқаев жайлы пікір білдірді