9 жалған кәсіпорын ашқан ұйымдасқан қылмыстық топқа үкім шықты

ШҚО және Павлодар облыстарының аумағында ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан тағы бір ұйымдасқан топтың жолы кесілді.

Алматы, NEGE.  Іс жүзінде қызмет көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпестен шот-фактура жазып берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметі. Құрамында 5 адам бар топқа қатысты істі тергеуді ҚР ҚМА ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргізген. Тексеру барысында, ұйымдасқан топтың басшылары 2018 – 2020 жылдар аралығында ШҚО және Павлодар облыстарының аумағында өздерінің таныстары мен туыстарының, сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен жандар мен сотталғандардың атынан 9 жалған кәсіпорын ашып, заңсыз қызметті жүзеге асырғаны анықталған. «Шындығында кәсіпорындар ұйымдасқан қылмыстық топ бақылауында болып, олар контрагенттерді салықты төлеуден босату мақсатымен жалған есеп-шоттарды жазып берумен айналысқан. Екібастұз, Павлодар және Өскемен қалаларында кәсіпорындардың тіркелу орындары мен фигуранттардың мекен-жайларына тінту жүргізу барысында жалған кәсіпорындардың бухгалтерлік құжаттары, мөрлер, компьютерлер мен крипто кілттер, чек кітапшалары, 9 миллион теңге ақша қаражаты алынды», – деп жазылған баспасөз хабарламасында. Өскемен қаласы №2 сотының үкімімен ҰҚТ ұйымдастырушылары мен мүшелері ҚР ҚК 262 бабы 1-б. және 216 бабының, 3-б. бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр