9 миллион қазақстандық вакцина салдырған

Елімізде 3 қаңтарда қанша адам коронавирус вакцинасын салдырғаны белгілі болды.

Алматы, NEGE. «3 қаңтарда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 001 422 адам, 2 - ші компонентін 8 531 065 адам салдырды», делінген хабарламада.

3 қаңтарда Pfizer вакцинасының І-ші компонентін 287 639 жасөспірім, 20 191 жүкті әйел,

49 535 бала емізетін әйел салдырды. ІІ-ші компонентін 120 839 жасөспірім,

7 951 жүкті әйел, 20 587 бала емізетін әйел салдырды.