9 ақпан күні Бейжіңде спортшыларымыз сайыстың үш түрінен жарысады

Бүгін Бейжіңдегі Олимпиада жүлделерін сарапқа салатын бесінші күн. Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері бүгін үш түрлі сайыста бақ сынайды.

Алматы, NEGE. Нақтырақ айтқанда, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат таңғы сегізден он бес минут кеткенде және он бір қырық бесте  әйелдер арасында тау шаңғысы жарысына 2 бірдей  қазақстандық қатысады. Шаңғы қоссайысы бойынша сағат екіде және кешкі бесте Шыңғыс Ракпаров бақ сынамақ. Сондай-ақ 17:00-де 3 спортшымыз шорт-трекке шығады. Жерлестерімізге сәттілік тілейміз!

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр