997 мың отбасы баспаналы болады

2025 жылға дейін 103 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.

 

Алматы, NEGE.  «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасына орай 2025 жылға дейін 103 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. 977 мың отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік инвестицияның 1 теңгесіне 7 теңге жеке инвестиция тартылады», - деді Б. Атамқұлов Үкімет отырысында. О

ның айтуынша, биыл 17 млн шаршы метр немесе 163 мың баспана салу ескерілген.

«26 желтоқсандағы деректер бойынша 16 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысының қарқыны өткен жылмен салыстырғанда 12 өңірде артқан», - деді министр.