17 октября 2023 г. 16:50

Aspan FM 98.9 – Мейрамбек БЕСПАЕВ қандай радио ашпақ?

Фото:
Қазақ өнерінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан Мейрамбек Б

ЕСПАЕВ жаңа радионы іске қоспақ. Әр әніне талғаммен қарайтын әншінің бұл бастаманы қолға алуына не себеп болды екен? Сондай-ақ өзге желілерден ерекшелігі неде болмақ?

NEGE тілшісі жаңа радионың директоры Айман НҰРАЗХАНМЕН тілдесті.

Жаңа радио ашудағы мақсаттарыңыз не?

– Мақсатымыз – тыңдарманның сұранысына сай сапалы, салмақты  әндер тарту ету. Негізі радио ашу Мейрамбектің бала күннен бергі арманы болған екен. Сол ойын жүзеге асыру жолында осы жобаны қолға алып, оны тізгіндеу жұмысын маған тапсырып отыр. Мен оның сенімін ақтауға тырысамын.

А.Нұразхан

– Қандай жиілікке ие болдыңыздар және ашылу мерзімін қашанға белгілеп отырсыздар?

– 98.9 «Аспан ФМ» деген атпен шымылдығымызды ашпақпыз. Бұйрса, 6 қараша күні ашылу салтанатымызды өкізіп, ертесі таңнан алғашқы эфирімізді жарыққа шығарсақ деп отырмыз.  

– Aspan FM-нің өзге әуе толқындарынан ерекшелігі неде?

– Аудиториямыз 20-45 жас аралғын қамтиды. Берілетін әндердің барлығын халық өзі таңдайды. Қазір арнайы тест жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Яғни, тыңдарман өзіне қандай әндер ұнайтынын нұсқайды.  Біз сол сұранысқа сай жұмыс істейміз. Бұл тест жүйесін әр екі ай сайын жүргізіп отыруды әдетке айналдырмақпыз. Тек халықтың талғамы мен таңдауына сай қызмет көрсетсек дейміз.

Той әндері көбейіп кетпей ме?

– Біздің ұстанған форматымыз той әндерін беру емес. Қазір біз эфирден не беріп, не бермеу қажеттігі жөнінде идеяларды пысықтап жатырмыз.

Жалпы Мейрамбек пен «Музарттың» әндеріне эфирде басымдылық беріле ме?

– Радиода автордың әндеріне басымдық беріледі деген қағида жоқ.  Айтып өткенімдей, тыңдарманға не тарту ететініміз көптің талғамына сай таразыланады.

Шетелдік әндер қойыла ма?

– Контенттің 70 пайызы қазақ тілінде берілсе, қалған 30 пайызы – орыс тілінде. Сондықтан басымдық қазақ өнері мен мәдениетін насихаттауға  берледі.

Фото: ғаламтордан

– Жиілік алу, радио ашу оңай шаруа емес. Көпшілік арасынан «Радио ашатындай Мейрамбек миллионер ме?» деген әңгімені де естіп қалып жүрміз...

– Біріншіден, демеушілер қолғабыс етеді. Екіншіден, бәрі біздің жұмысты жандандырып кетуімізге байланысты болмақ. Қарап отырсақ, қазіргі нарықтағы кез келген радио жарнамадан түсетін табыс арқылы жұмысын жүргізіп отыр.

– Мейрамбек әріптестерінің әнін ақысыз тарататын болар?

– Әрине,  ақысыз.

– Ұрланған әндерге орын жоқ шығар?

– Тыңдарманның таңдауына сараптама жасап жатырмыз. Сондықтан дәл қазір аудиторияның нені тұтынғысы келетінінен бейхабармын. Мәселен, жұрт кейбір әндерді түпнұсқадан да тамаша орындалған деп тануы мүмкін. Осының ара-жігін ажыратып алайық. Қалғаны содан соң белгілі болады. 

Тегтер: