97 жастағы әжей коронавирустен өлмепті

Алматыда қайтыс болған 97 жастағы әжейдің өлімі коронавирустан емес болып шықты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Алматы, NEGE. «Бұған дейін хабарланғандай, өлім ми қан айналымының бұзылуынан туындаған қайтымсыз табиғи салдардан орын алған. Коронавирус инфекциясы басқа да бірқатар ауыр аурулар секілді ілеспелі болды. Осыған байланысты Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия аталған өлім жағдайын коронавирустың салдарынан болды деп есептемеуге шешім қабылдады», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

26 наурыз – Халықаралық Арал күні болуы мүмкін

Халықаралық әріптестік нәтижесінде киберқылмыс деңгейі 4 пайызға төмендеді

Алматыда науқастың ұлы жедел жәрдем қызметкерлерін пышақпен қуған

КҚК-ға шабуыл жайлы жазбаларға байланысты тергеу: іске «бопсалау» бабы қосылды