«9-20-25» бағдарламасы жастарға арналады

«Отбасы банкі» жастарға арналған «9-20-25» жаңа бағдарламасын әзірлеп жатыр. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты.

Алматы, NEGE. "Талантты жастарды мемлекеттік тұрғыда қолдау мақсатында "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы жыл сайын беріліп келеді. Заңға сәйкес, үміткерлердің жасы 35 жасқа дейін ұзартылды. Марапаттау номинацияларына өзгерістер енгізілді. Өздерінің нақты мақсаттарына және қоғамның игілігіне бағытталған жастарды тәрбиелеу мақсатында "Қоғамдық қызмет" номинациясы "Креативті бастамалар" номинациясымен ауыстырылды. Бұл ретте Мемлекет басшысы белгілеген "Тәуелсіздік ұрпақтары" гранты аясында бизнес, ғылым, мәдениет, БАҚ және ақпараттық технологиялар саласындағы 30 үздік жоба анықталды. Қазіргі уақытта "Отбасы банкімен" бірлесіп, "9-20-25" жаңа бағдарламасы әзірленуде, оның негізгі қатысушылары жастар болмақ", – деп атап өтті министр.

Қазір оқып жатыр

FlyArystan ұшағы Шымкентте итті қағып кетті

Депутат такси жүргізушілері мен курьерлерге сағаттық төлем енгізуді ұсынды

Павлодарда оқ жарақатын алған әскери қызметшінің қазіргі жағдайы мәлім болды

Екібастұзда мас күйдегі ер адамдар дәрігер мен медбикені соққыға жықты