9174 адам індеттен жазылды
Еліміздің 7 өңірінде тағы 53 адам коронавирус инфекциясынан жазылды, деп хабарлады coronavirus2020.kz сайты.
Алматы, NEGE. Соңғы мәліметке сәйкес, Қазақстанда тағы 53 адам індеттен емделіп шықты: Шымкент қаласында - 11, Павлодар облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1, Қызылорда облысында - 13, Қостанай облысында - 2, Атырау облысында - 24, Маңғыстау облысында - 1. Бүгінге дейін Қазақстанда коронавирус 14809 адамнан анықталды, оның ішінде жазылғандар саны - 9174. Қайтыс болды - 77 науқас.