90 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты

Шымкентте 90 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты. Кейуана өкпесінің екі жақты пневмониясымен жансақтау бөлімінде емделген болатын.

Алматы, NEGE. Қарт кісі ауыр халде кардиологиялық орталыққа жедел жәрдеммен жеткізілген. Науқасты тексерген мамандар оның өкпесінің зақымданғанын анықтап, екі жақты пневмония диагнозын қойған. Денсаулық жағдайының ауырлауына байланысты дәрігерлер әжейді бірден жансақтау бөліміне жатқызған. Онда науқасқа емдеу хаттамасына сәйкес медициналық көмек көрсетіліп, нәтижесінде денсаулығы жақсарған. Ал, 28 шілде күні ол ауруханадан шығарылды. Дәрігерлер 90 жастағы кейуананың қазіргі жағдайы жақсы деп отыр. Өз кезегінде қауіпті аурудан аман қалған әжей медицина мамандарына алғысын айтып, батасын берді.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді