904 баспанаға 943 құжат қабылданды

Шымкентте жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы пәтерлерге құжат қабылдау аяқталды.

Алматы, NEGE. Қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы құжаттарды 25-29 қараша аралығында қабылдады. Жастардың өтініші бойынша сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтерге құжаттарды қабылдау мерзімі 1 желтоқсанға созылған-ды. Айта кететін жайт, үлестіруге 904 баспана жоспарланған.

«943 құжат қабылданды. Миграция полициясы қызметі арқылы  өтініш берген азаматтардың соңғы екі жылда мекенжайы бойынша тіркелгені анықталуда. Бес күнде құжаттар өңделеді. Өтініш берген азаматтың құжаттар жиынтығы  арасында жетіспейтін  құжаттар болса, қайта  толықтырылады. Кейін әрбір өтініш берудің отбасы құрамы, еңбек өтілі, жетістіктері  ескеріліп балдар есептелінеді», – деді Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Жұлдыз Ордабекова.
 

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты