900-ден астам қылмыскер мен террорист түрмеден қашып кетті

Конго Демократиялық Республикасының Бени қаласындағы орталық түрмеден 900-ден астам тұтқын қашып кетті. Олардың арасында қауіпті қылмыскерлер мен террористер де бар.

Алматы, NEGE. «Демократиялық күштер альянсы» лаңкестік тобының содырлары Кангбайи түрмесіне және оның жанында орналасқан әскери лагерьге бір уақытта шабуыл жасады. Шабуылдаушылар барлық камераны ашып, тұрқындарды босатып жіберген», - деп хабарлады Бени мэрінің міндетін атқарушы Модест Бакванамаха. Оның айтуынша, түрмеде отырған 1000-нан астам сотталушының тек 110-ы ғана қашудан бас тартып, сол жерде қалған.

Қазір оқып жатыр

Шағын және орта бизнесті қолдау көлемі 3 трлн теңгеге дейін ұлғаяды

Алматы тарихи көркінен айырылады: Заңгер қаланы жаңғырту жұмыстарын сынға алды

Арқалықта полицейлер қай көлікті тоқтатпау керегін арнайы чаттан біліп отырған

Депутат Жаңбыршин қызына қатысты қауесетке пікір білдірді