Түркістан облысында 9-сынып оқушысын өлімші етіп ұрып-соққан

Түркістан қаласындағы мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы қайтыс болды.

видеодан скрин

Астана, NEGE. Оқиға 3 қараша күні болған. Түркістан облыстық полиция департаменті оқушының қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Алдын ала мәлімет бойынша тоғызыншы сынып оқушысы сыныптасының кеуде тұсынан ұрған. Соққы алған оқушы сол жерде қайтыс болған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні, сондай-ақ оқиға кезінде қатысқандардың барлығын ізін суытпай ұстады. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында, — деп хабарлады ПД өкілдері.

Сонымен қатар, кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілдері де тиісті міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылған.



Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе» жанкүйерлері Нани мен Love Айканың суретін өшіруді талап етті

Қазақстан туы әлемдегі ең әдемі ту деп танылды

Блогер Жанабыловтар 7 жылға сотталуы мүмкін

Астанада лауазымды тұлғаның қателігінен педагогтер әлеуметтік аударымнан қағылған